БҚО тұрғындарына дін сауаттылығы түсіндірілді

БҚО тұрғындарына дін сауаттылығы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 18-22 мамыр күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды. 

Аталған іс-шараға: Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы – Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы, Кабдоллин Мейрамбек Ержанұлы - дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы, дінтанушы, Нұрахметұлы Арман – «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы, Бабаханов Абдувахид Абытханұлы – Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары, исламтанушы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістері», «Қазақстан Республикасындағы зайырлық қағидасының маңызы», «Зайырлылық қағидаты – Қазақстан Республикасының болашағының кепілі», «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Дін мен мемлекет қатынастары» және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.