Павлодар облысы тұрғындарына дін сауаттылығы түсіндірілді
2026 ж. 03 маусым
38
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 18-22 мамыр күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Павлодар облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Арман Нұрахметұлы – «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы, Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы – «Ислам зерттеулері орталығы» ҚҚ атқарушы директоры, дінтану ғ. PhD, Шакимова Лола Сергеевна – психолог-сарапшы, Раздыкова Гульназ Максутовна – сарапшы, РАТТ мүшесі секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Жастар арасында рухани құндылықты түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге барудың қауптілігі», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Дұрыс діни таным және детсруктивтілік», «Деструктивті діни ағымдардың таралауының алдын алу», «Ұлттық құңдылықтар – ел болашағы (зайырлық, толеранттылық, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік)», «Деструктивті және экстремистік ұйымдардың жақтаушыларының рухани-психологиялық портреттерінің өзгешеліктері» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. тұрғындар қамтылды.