Астанада жұмыс берушілер қауымдастықтарының І Ұлттық форумы өтеді
2026 ж. 14 мамыр
49
0
Сіздерді 2026 жылғы 18 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер қауымдастықтарының І Ұлттық форумын ақпараттық жариялауға шақырамыз.
Форум мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің басын қосып, еңбек нарығының өзекті мәселелерін, жаңа кәсіби дағдыларды дамыту, еңбек нарығын трансформациялау, әйелдер көшбасшылығы және жұмыс берушілер мен мемлекет арасындағы әріптестікті нығайту тақырыптарын талқылайтын маңызды диалог алаңына айналады.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, салалық және өңірлік қауымдастықтардың жетекшілері, танымал кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылар қатысады. Форумға 100-ден астам қауымдастық пен 400-ге жуық қатысушы қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, форум аясында республикалық және өңірлік жұмыс берушілер қауымдастықтарының көрмесі ұйымдастырылады.
Күні: 2026 жылғы 18 мамыр
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайы
БАҚ өкілдерін аккредиттеуден өткізу үшін редакция өкілдерінің деректерін жолдауды сұраймыз.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу: https://assosiations-form.tilda.ws/
Айдана Балтабаева +7 707 942 05 97
«PARYZ» конфедерациясының баспасөз қызметі