Түркістан халқына дін сауаттылығы түсіндірілді

Түркістан халқына дін сауаттылығы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 20-24 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды. 

Аталған іс-шараға: Раздыкова Гульназ Максутовна – сарапшы, РАТТ мүшесі, Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры, Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы - дін істері басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы – «Ақниет» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Жастар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы түсінік қалыптастыру», «Деструктивті және экстремистік ұйымдар жақтаушыларының рухани-психологиялық портреттерінің өзгешеліктері», «Дін және терроризм: бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар», «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі», «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары және адамның ар-ождан мен дін бостандығына құқығы», «Қазақ жастарының бей ресми шет елдік теологиялық оқу орындарына кету себептері және оның зардаптары» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар және т.б. тұрғындар қамтылды.