Астана тұрғындарымен дін сауаттылығы талқыланды

Астана тұрғындарымен дін сауаттылығы талқыланды

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 30 наурыз – 3 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды. 

Аталған іс-шараға: Арман Нұрахметұлы – «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы, Қуатов Арулан Қуанышұлы - «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төраға орынбасары, Сақан Дастан Дарханұлы - «Qamqor-Astana» ҚҚ теологы, Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы - «Qamqor-Astana» ҚҚ бөлім басшысы, дінтанушы, психолог секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Интернет кеңістігі арқылы таратылатын деструктивті діни ағым идеологиясының қауіптілігі», «Еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні», «Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың зияны», «Деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі», «Зайырлылық түсінігі және оның маңыздылығы» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, әскери қызметкерлер, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, спортшылар мен жаттықтырушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.