Астананың ортасында дәрет сындырған шетелдіктерге қандай шара қолданылды – ПД жауабы
2026 ж. 10 наурыз
59
0
Елордада Достық көшесіндегі ғимарат іргесіне дәрет сындырған шетелдіктер енді Қазақстанға 5 жыл кіре алмайды. Бұл жөнінде Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, қоғамдық орында тәртіп бұзған 35 және 49 жастағы шетел азаматтары екені анықталды. Олар ел аумағынан шығып үлгерген.
Алайда полиция аталған азаматтарды ҚР аумағына 5 жыл кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.
Ішкі істер министрлігі бұл фактіге қатысты барлық ақпаратты Сыртқы істер министрлігіне жолдаған. Енді жауапты министрлік тиісті шараларды қабылдамақ.
Астана қаласының ПД қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға міндет екенін атап өтті. Хабарламада жазылғандай, бұл талап Қазақстан азаматтарына да, елімізде жүрген шетелдіктерге де қатысты.