Қазақстандықтардың 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды
2026 ж. 21 ақпан
56
0
2026 жылдың қаңтар айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Мемлекет басшысы бастаған конституциялық реформаны азаматтардың қабылдауы мен бағалауын анықтауға бағытталған телефон арқылы сауалнамасын жүргізді.
Зерттеу нәтижелері қаңтар айында қазақстандықтардың басты назары әлеуметтік-саяси және экономикалық күн тәртібіндегі оқиғаларда болғанын көрсетті. Респонденттердің 32,7%-ы айдың ең маңызды оқиғасы ретінде Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайды атаған. Екінші орында – Салық кодексінің күшіне енуі (30,7%).
Осылайша, әлеуметтік-саяси күн тәртібі азаматтардың қабыдауында басты орында екені белгілі болды. Сонымен қатар, қазақстандықтар дәстүрлі түрде мақтаныш пен отансүйгіштіктің қайнар көзі болып табылатын спорттық және мәдени жетістіктерді де назардан тыс қалдырмады. Мысалы, респонденттердің 18,3%-ы әлемнің үш дүркін чемпионы атанған шахматшы Бибісара Асаубаеваның спорттық жетістігін, ал 9,3%-ы қазақстандық теннисші Александр Бубликтің жетістігін және басқа да спорттық жетістіктерді атап өткен.
Азаматтардың назарының әлеуметтік-саяси өзгерістерде болуы жүргізіліп отырған реформалардың олар тарапынан уақытылы рефомалар ретінде қабылданатынының белгісі болып табылады. Жалпы алғанда осындай пікірді 79% респондент білдірген. Олардың 48,2%-ы реформаларды «уақтылы деуге болады» десе, 30,8%-ы «толықтай уақтылы» деген ой білдірген.