БАС ҚҰЖАТТЫҢ МАҢЫЗЫ БӨЛЕК
2026 ж. 28 қаңтар
72
0
Қызлордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы конституциялық өзгерістердің сяяси мәнін ашып көрсетіп, қоғамда үлкен қызығушылық тудырғаны белгілі.
Бүгін, яғни 24 күні, Конституциялық комиссия өз жұмысын бастады.
Оның құрамына жетекші қоғамдық бірлестіктердің (партиялар, кәсіподақтар, ҮЕҰ), Парламент депутаттарының, конституционалист-заңгерлердің, бизнес-қоғамдастық пен корпоративтік сектор, медиа саласы, ғылыми және мәдени зиялы қауым өкілдерінің атынан 120-дан астам адам кіргені аян болды. Әрине, мұндай өкілдік қоғам алдындағы толық ашықтықты білдіріп, отырыстардың Конституциялық соттың ресми сайтында және аккаунттарында тікелей трансляциялауы қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, «Конституциялық Реформа 2026» арнайы telegram-арнасы құрылады. Комиссия мүшелерінің көпшілігі әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары, ендеше, олар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолға алынғған өзгерістер мен түзетулерді көпшілік назарына ұсынып отырады.
Бір анығы, ұсынылған өзгерістер аса маңызды, олардың саны соншалықты көп, сондықтан оларды қабылдау жаңа Конституцияны қабылдаумен тең болғалы тұр. Мысалы, 2022 жылғы конституциялық реформа елді саяси жаңғыртудың негізгі кезеңіне айналдырып, мемлекеттіліктің тұрақтылығын нығайтуға, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталып еді. Мемлекеттігіміздің даму логикасын терең түсінетін Президентіміз
Қ.-Ж.Тоқаев демократиялық реформаларды қоғамның түбегейлі сұраныстарына сай қалай жалғастыру керектігі жөнінде айқын көзқарастарын ұсынып келеді.
Комиссия құрамы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес жасақталып, құрамына 120-дан астам кірген. Жұмыс барысында азаматтардан келіп түскен барлық ұсыныстар ескеріледі деп күтілуде.
Гендерлік теңгерім сақталып, өз саласының кәсіби әйелдері – ғалымдар, басқарушылар, кәсіпкерлер біріктірілгені қуантады. Сонымен бірге, өңірлік бөлініс те ескеріліп, жергілікті мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық кеңестердің өкілдері, басқа да білікті мамандар тізімді толықтырған.
Еліміздің алдағы дамуы мен өркендеуінің темірқазығы саналатын Бас құжатымызды сүзгіден өткізіп, қайта бір саралайтын комиссия жұмысына сәттілік тілейміз!
Бекжан Әшірбай,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Журналистика факульттетінің аға оқытушысы