Депутат Қазыбек Иса Алматы облысын аралады
2026 ж. 06 қаңтар
103
0
Бүгін 5 қаңтар 2026 жылы Алматы облысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, “ Ақ жол” партиясы төрағасы орынбасары Қазбек Иса жұмыс сапарымен келіп, облыстың үш ауданындағы төрт мекемеге ат басын бұрды. Алғашқы мекеме Алматы облысы , Қарасай ауданы “Жібек жолы” ауылында орналасқан “Азия АгроФуд” АҚ дәнді дақылдарды ( бидай, жүгері) терең өңдеу зауытында болып, өндірістің жұмысымен танысты. Зауыт 1999 жылы құрылған . Күніне 400 тонна бидай , 200 тонна жүгері өңдеп, 600 тонна құрама жем өндіреді . Өнімдер елдерге жеткізіледі
Жақын және алыс шетелдер:
Өнімдердің жартысы елімізге жартысы шетелдерге, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдеріне жіберіледі.

Зауыттың аумағы 30 га. Жұмыскерлер саны 500 адам, күз айында 700 адамға ұлғаяды. Қазіргі уақытта зауыттың аумағына Венгрия кәсіпкерлерімен бірлесіп, құрама жемге қосылатын түрлі витаминдер өндіретін фабриканың салыну жоспарлануда. Жылына 177 мың тонна өнім өңдірілетін зауыттың ең басты мәселесі “Қазақстан Темір Жолына” байланысты болып, вагондар тапшылығы қол байлап тұр. Өндірілген өңімді дер кезіңде жеткізу қиындық тудыруда. Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбай зауыттың ауылға көп көмек көрсетіп, мектеп оқушылар мен тыл ардагерлеріне демеушілік жасайтынын, әлеуметтік жауапкершіліктері жоғары екенін жеткізді.
Депутат Қазыбек Иса: “Зауыттың жұмысы қарқынды, өнімі мол екенін көзімізбен көрдік. Болашағы зор деуге болады. Жақсы жалақы төленіп жатқан 500 адам тұрақты жұмыс істесе, әр аламның үйінде 5-6 адам бар дегенде 3 мыңдай адамды асырап отыр екен. 3 мың адам түгілі, 3 адамға да, 300 адамға да жұмыс тауып берген кәсіпорын құрметтеуге тұрарлық. Ендеше осындай 3 мың адамды асырап отырған зауыттың жұмысына ҚТЖ неге кедергі жасайды? Өткенде мен бір мақаламда айтып едім, “Қазақстан темір жолының біз талай көтерген бітпейтін барлық кемшіліктерін ешқандай пойыз тарта алмайды” деп. Міне, тағы бір мысал. Біз қолымыздан келген көмекті жасаймыз.”-деп,
кәсіпорын басшысы Саян Әшенге темір жол мәселесін шешу үшін парламентке, ”Ақ жол”фракциясы депутаттарына хат жазып жіберуге кеңес берді.
Екінші нысан Қарасай ауданы Елтай ауылында жақында ашылған “Ауылдық өрт бекеті” болды. Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Махатұлы ауыл округі жағдайымен таныстырды.

Қарасай аудандық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының айтуынша 55 қызметкер істейді. 16 техника бар. Биыл Алматы облысында дәл осындай 12 “ауылдық өрт сөндіру бекеті” ашылған.
Кезекті кездесу 2025 жылдың 26 желтоқсанында халыққа пайдалануға берілген Жамбыл ауданы орталығы Ұзынағаш ауылындағы 250 орындық “Аудандық емхана “ болды. Емхана меңгерушісі Құралай Келесбектің айтуынша, мұнда 300 адам жұмыс істейді екен. Емханаға 150 мың адам тіркелген. Қазыбек Иса емхана қызметкерлері жұмысымен үш қабатты түгел аралап, танысып шықты. Емханаға келіп, ем алып жатқан тұрғындармен сөйлесті. Жаңа емханамен танысу жақсы, тартымды өтті. Емханада жаңа медициналық құрылғылар ( рентген аппараттары, флюрография , маммограф және жаңа форматтағы ультра дыбыстық аппараттар , МРТ ) қойылған .
“Ең бастысы шұбатылған кезек жоқ екен. Өзі ауырып келген адамды бітпейтін кезек жүйкесін жұқартып, одан сайын ауыртып жібереді. Астананың өзінде көп емханаларда қаптаған кезек. Біз осы кезекті жоюды жолға қоюды парламентте көптен бері көтеріп, талай денсаулық министрлеріне айтқанбыз. Емдеріңіз шипалы бола берсін.”-деп, жаңа емханаға жаңа жылда ақ тілегін ақтарды.

Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақниет Туматай ауданның бүгінгі күнгі жетістіктерімен, алдыға қойылған мақсаттарын айтып, тыныс-тіршілігімен таңыстырды. Биыл салықты 123 пайыз орындаған аудан облыстағы донор ауданға айнала бастаған. Былтыр ән дүлдүлі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын дүрілдетіп өткізген Жамбыл ауданы енді ьиыл Жамбылдың 180 жылдығын лайықты атап өтпекші.
Төртінші кездесу Алматы облысы Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылында орналасқан ВТК Group ЖШС қыш зауытымен танысу болды. 60 адам жұмыс істейтін бұл кәсіпкерлік нысан түрлі құрылыс өнімдерін өндіреді . Басты өнімдері қызыл кірпіш пен газоблок. Қазіргі уақытта сэндвич панельдерін шығаратын заманауи зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр . Түрлі кірпіш өнімдері облысымыздың және республикамыздың түкпір-түкпірінде құрылыс саласында пайдаланылуда . Мекеме басшысы Олжас Тоқанұлы Ботабек “Ақ жол” партиясының Іле аудандық мәслихаты депутаты, іскер жас. Зауыттың негізін салушы белгілі кәсіпкер, Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тоқан Ботабек кәсіпорынның тарихымен таныстырып, болашақ жоспарларын баяндады.
Депутат Қазыбек Иса сапарын ертең Алматы қаласында жалғастырады.
Мейраш Қалиқызы,
Қазақ үні