ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады
2025 ж. 05 қараша
42
0
«Astana Media Week 2025» медиа апталығы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат журналистердің кәсібилігін дамытуға, халықтың медиасауаттылық деңгейін арттыруға және елдің медиа саласына заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруды мақсат етеді.
«Салалық журналистика мамандарын даярлаудың өзекті тәсілдері» атты дөңгелек үстел отырысы аясында тараптар ынтымақтастық болашағын талқылады. Іс-шара кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары мен медиа қауымдастық арасындағы байланысты нығайту мәселесіне арналды.
Дөңгелек үстелге салалық министрліктердің, жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, ұлттық және өңірлік БАҚ және ҮЕҰ қатысты.