ҚАЗАҚСТАНДА ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ПРЕПАРАТТАР ТІЗБЕСІ КЕҢЕЙТІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ПРЕПАРАТТАР ТІЗБЕСІ КЕҢЕЙТІЛДІ

Биыл біз паллиативтік көмекке қолданылатын дәрілердің тізбесін кеңейттік - қазір ол 18 атауды қамтиды. 

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі стационарларда паллиативтік көмек көрсету тарифін және көшпелі мобилдік бригадаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтты. Бұл пациенттер үшін көмекті қолжетімді етуге және паллиативтік қызметтің инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде 2 087 паллиативтік төсек орналастырылған, оның 81-і балалар төсегі. Барлық 20 өңірде 220 мобилдік бригада жұмыс істейді. Паллиативтік көмек көрсететін 9 дербес мекеме Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Абай облысында, СҚО және ШҚО-да жұмыс істейді.

Мұндай қолдауды қажет ететін пациенттердегі аурулардың құрылымы әртүрлі:

 • онкологиялық аурулар-41%,

 • жүрек-қан тамырлары – 27%,

 • тыныс алу ағзаларының аурулары – 12%,

 • жарақаттар – 11%,

 • туберкулез-2%.

Сонымен қатар, қазір тәсілдерді біріздендіру, қызметтердің сапасы мен мультидисциплиналық командалардың тиімділігін арттыру үшін паллиативтік көмекті ұйымдастырудың жаңа ұлттық стандарттары әзірленуде. Әлі де маңызды қадамдар жасалуы керек сала - балалар паллиативіне ерекше назар аударылады.