ШІРКЕУДІҢ ОРНЫНА БАЛАБАҚША АШЫЛУДА

ШІРКЕУДІҢ ОРНЫНА БАЛАБАҚША АШЫЛУДА

Астанадағы жаңа балабақшаны Президент Тоқаевтың өзі келіп ашады деген ақпарат бар.

Астана қаласында дәл осы жерде шіркеу ашылғалы жатқан жерінен халық қарсы шығып, ақыры жеңіске жеткен едік. Өз ісінің майталманы, білікті заңгер ағам Жасұлан ағаммен бірге хат дайындап, тұрғындар атынан хат жазып жіберген едік. Халықтан қол жинап, сол хатты тиісті орындардың бәріне тапсырып едік! Президентке, премер-министрге, Мәжіліс төрағасы мен парламент депутаттарына, Астана әкіміне жіберген едік. Халықтың талабы - тек қазақша мектеп пен балабақша керек деп үндеуімізді жеткіздік! 

Белгілі ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ағамызға да жолдадық. Қазыбек ағамыз бұл мәселеге баса назар аударып, Астана қаласы әкімі мен Оқу-ағарту министріне депутаттық хат жолдады. Міне, осылай салынғалы тұрған шіркеу балабақшаға айналды. Дер кезінде көтерген мәселенің жемісін көріп отырмыз! Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ағамызға тұрғындар атынан алғыс айтамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, елдік, ұлттық мәселеде жеңістеріміз көп болғай! Біз бірге мықты болсақ, әділ болсақ, Әділетті Қазақстанның Президенті де әділдікті қолдайды.

Кей ақпараттарға қарасақ, балабақшаны президент Тоқаевтың өзі келіп ашқалы жатыр дейді 6-қазанда.

Менің тілерім, жаңа балабақшаға ең алдымен осы жердегі тұрғылықты тұратын тұрғындардың балалары бару керек. Кей ақпараттарға қарасақ, “орын жоқ” деген жауап алған тұрғылықты ата-аналар өте көп екен. Осыған орай президент Тоқаевтың алдында “бәрі жақсы, толық осы жердегі ата-аналардың балаларын қабылдаймыз” деп алып, кейін бос орын жоқ деп жүрмеңдер әйтеуір. Халықтың көзі ашық қазір, бәрін көреміз!

Балалары жеке меншік балабақшаға барып жүргендер кезекте тұра алады, соларға бірінші беріледі екен. Мемлекеттік қызметкерлер балаларына алдыңғы қатарда беріледі.. Ал баласы ешқандай балабақшаға бармайтын, телміріп, осы #99 бүлдіршін балабақшасын күтіп жүргендерге ең соңында береді, әрине орын қалса деңіз?!. Осы әділдік пе? Балаларды алаламай , ең алдымен осы жердегі тұрғындар балаларына теңдей берілуі керек!

Мұқағали БАЛҚЫБАЙ,

Фейсбук парақшасынан