Мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетін күн белгіленді

Мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетін күн белгіленді

Қырғызстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы жексенбі, 2025 жылдың 30 қарашасына белгіленді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Қырғызстан Жогорку Кенеші парламенттің өзін-өзі таратуын мақұлдағанын жазған болатынбыз.

Маусым айында Қырғызстанда депутаттар сайлауы жаңа жүйе бойынша өтетінін жазған едік.