Алматы облысында Re.Women форумы өтті

Алматы облысында Re.Women форумы өтті

27 қыркүйек күні Қонаев қаласында өткен «Әйел және цифрлық әлем: бизнес, медиа, шабыт» атты ауқымды форумды Алматы облыстық Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы Жилкибаева Асель Амангельдиевна табысты өткізді.

🔹 Форумға 100-ден астам әйел-кәсіпкер, сарапшылар, депутаттар, партия көшбасшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

🔹 Асель Амангельдиевна ашылу сөзінде әйелдердің бизнестегі рөлі мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жаңа цифрлық трендтердің әйелдерге ашатын мүмкіндіктеріне тоқталды.


Форумның басты қонақтары:


Мәжіліс депутаттары: Айтуар Қошмамбетов, Нұргүл Тау, Динара Наумова, Екатерина Смолякова


«Respublica» партиясының тең төрағасы: Максим Барышев


«Respublica» партиясының Re.Women әйелдер қанаты төрағасының орынбасары: Айдана Тоғызбаева

Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті: Гульмира Пармышева

 Форум бағдарламасы:

Impact zone, Coffee & Connect – әлеуметтік кәсіпкерлер көрмесі, бейресми нетворкинг, танысу алаңы;

Пленарлық сессия: «Әйелдердің бизнестегі рөлі, мемлекеттік қолдау және жаңа мүмкіндіктер»;

Блок 1: Әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлік – экономиканың драйверлері (спикер Гульмира Пармышева);

Блок 2: Жеке бренд құру, storytelling, PR және медиа құралдары (спикерлер Олеся Колесниченко, Сеитов Фархат);

Блок 3: AI & Digital – ChatGPT және жасанды интеллект құралдарының бизнесте қолданылуы (спикерлер Сергей Конев, Яна Искакова).

Форум жаңа идеялар, шабыт пен серіктестік мүмкіндіктеріне толы болды.

Асель Амангельдиевнаның бастамасымен өткен бұл шара өңірдегі әйел кәсіпкерлер үшін сенімді алаңға айналды.

 Re.Women – әйел кәсіпкерлігінің дамуы мен ынтымақтастығының тірегі!