Президент Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатты
2025 ж. 26 қыркүйек
545
0
Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Мұрат Нұртілеу бұған дейін Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі қызметін атқарған.