ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Денсаулық сақтау министрлігінде кеңес өтті, оның барысында Ұлытау облысының Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілді.

Басты мақсат – өңір тұрғындарына сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау. Ол үшін медициналық нысандарды салу және күрделі жөндеу, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық кадрларды даярлау және тарту жөніндегі шаралар көзделген.

Кеңесте республикалық ғылыми орталықтардың бірінші басшылары сөз сөйлеп, нақты мерзімде жоғары технологиялық бағыттарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Онкология, кардиология және кардиохирургия, хирургия, нейрохирургия, травматология, сондай-ақ босандыру және балалық шақ сияқты негізгі қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылады.

Облыста медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайту бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарова нақты тапсырмалар берді. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлытау облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігі мен онкоскринингтердің тиімділігін қоса алғанда, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс мониторинг жүргізуі қажет.