Энергосекторда сауда және талдауды жасанды интеллект атқарады

Энергосекторда сауда және талдауды жасанды интеллект атқарады

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ мен «IBA Astana Dev» ЖШС энергия секторындағы бизнес-процестерге жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Астанада өткен рәсім энергетика саласының цифрландыруында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді.

Меморандум аясында тараптар сауда-саттықты орталықтандырылған негізде жүргізуді, деректер аналитикасын жақсартуды және операциялық процестерді автоматтандыруды көздейтін ЖИ-құралдарды әзірлеу мен енгізуге бірге кіріседі.

Бұл бастама Президенттің «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер мен олардың цифрлық трансформация арқылы шешімдері» атты Жолдауында белгіленген тапсырмаларды орындау шеңберінде жүзеге асырылып отыр және «Цифрлық Қазақстан» ұлттық бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді.