ТЖМ басшысы Қарағанды облысында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пунктін ашты

ТЖМ басшысы Қарағанды облысында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пунктін ашты

 Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы пункттің ашылуына қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ақсақалдар, олармен қатар 94 жастағы тыл еңбеккері Абюр Садықов және жергілікті тұрғындар қатысты.

  Пункттің ашылуы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өтті. Ауыл еріктілері өрт сөндіру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл жабдықтар ведомство тарапынан жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Ғимаратта душ, демалу бөлмесі, ас үй және әкімшілік бөлмелер бар. Жаңа пункт екі елді мекенді қамтып, 2000-нан астам адамды өрт қауіпінен қорғайтын болады.

      Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов:

      «Бүгін Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым құрылды. Жақын арада облыста тағы үш осындай ерікті өртке қарсы құралым іске қосылады. Біздің мақсатымыз — ауылдық аймақтарда өртке қарсы сенімді қорғаныш жүйесін құру», - атап өтті.

  Қазақстан ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы азаматтық қорғау инфрақұрылымын нығайтуға және ауылдық жерлерде еріктілер желісін кезең-кезеңімен кеңейтуге бағытталған.