Түркістан облысында жаңа тыңайтқыш зауыты салынбақ
2025 ж. 10 қыркүйек
44
0

Түркістан облысы инвестициялық жобалар тартуда жаңа серпін алды, қытайлық алпауыт компания өңірде тыңайтқыш өндіретін зауыт салуға ниет білдірді, осыған орай облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының ауыл шаруашылығы және тыңайтқыш өндірісі бойынша ең ірі компанияларының бірінің өкілдерімен кездесіп, келіссөздер барысында инвестиция көлемі 800 миллион АҚШ долларынан асатын ірі өндіріс жобасы талқыланып, логистика, инженерлік инфрақұрылым мәселелері пысықталды.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығында жетекші орын алатын стратегиялық өңір болып табылады, бұл жоба жүзеге асқан жағдайда облыста жылына 2 миллион тоннаға дейін тыңайтқыш өндіретін зауыт салынуы мүмкін, ал аталған кәсіпорын Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы аса ірі агроөндірістік нысандардың бірі болмақ.
Облыс басшысы Нұралхан Көшеров кездесуде шетелдік әріптестерге нақты басымдықтарды атап өтіп, жоба аясында өндірісте экологиялық қауіпсіз, энергия үнемдейтін және ең бастысы су ресурстарын тиімді пайдаланатын технологиялар енгізудің маңыздылығын жеткізді.
Оның айтуынша, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы үшін табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық тұрғыдан ең қолайлы өңір болып саналады, өңір елдегі жалғыз мақта егетін аймақ қана емес, сонымен бірге жеміс-жидек, бақша дақылдары, мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік бағытында да айрықша әлеуетке ие, сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шетелдік инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр, ал су үнемдеу технологияларын енгізу мен тыңайтқыш өндірісін дамыту аграрлық саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады, сондықтан жаңа жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруда тыңайтқыш қолдану шешуші рөл атқаратындығы атап өтілді, зауыт іске қосылғанда шаруалар қолжетімді әрі сапалы тыңайтқышпен қамтылып, ішкі нарық қажеттілігі толық өтеліп, экспорттық әлеует қалыптасады, 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады, сондай-ақ қосалқы өндірістер, логистика, қойма және қызмет көрсету салалары да даму серпінін алады.