50 әкім қызметімен қош айтыспақ

4
938


Елімізде күзге дейін 50-ге жуық қала және аудан әкімдері ауысатын болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Ә.Бәйменов мәлімдеді.

«А корпусының 550 орнына 2000 үміткер өтініш білдірген болатын.Олардың 200-і талапқа сай келмеген соң, олардың өтініштері қанағаттандырылмады. Алғашқы 7 күнде 1800 үміткердің 1100 ғана тест тапсырды. Кандидаттардың сәтті тапсырғандары 63 пайызды құраса, қалған 37 пайызы дұрыс нәтиже көрсете алмады. 50-ге жуық қала және аудан әкімдері бұл сынақтан сүрінді. Қыркүйек айының 26-на дейін олардың орнына ұлттық коммиссияның іріктеуінен өткен резервте тұрған мемлекеттік қызметкерлер тағайындалатын болады», – деп агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов VI Астана экономикалық форумында журналистерге мәлімдеді.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің элиталық корпусында емтихан тапсыру кезінде инфарктқа ұшырған үміткерлер болмағандығын айтты. Ал, қан қысымы көтерілген кейбір үміткерлерге жедел түрде медициналық көмек көрсетіліпті.

«Кейбір мемлекеттік қызметкерлерді бұл жан күйзелісіне ұшыратыны түсінікті жағдай, өйткені олардың біразы ешқашан сынақ тапсырып көрмеген. Кейбірінің компютермен жұмыс жасай алмайтындығы да жасырын емес. Бірақ біз дайындалуға мүмкіндік бердік. Әрбір облыс аймағында арнайы дайындық курстары ұйымдастырылды. Қызметіне жауаптылықпен қарап, тыңғылықты дайындалғандар сынақты ойдағыдай тапсырып шықты. Байқауда көптеген квалификациалық талаптар болғанымен, оның деңгейі нақты бағаның көрсеткіші бола алмайды. Мен бұл көрсеткішті нашар дей алмаймын, өйткені ол іріктеудің қатал болғаны мен тесттің күрделілігін көрсетіп тұр. Бұл ретте шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттардың әрбір заң бойынша мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі ешқандай қиындық туғызбауы қажет. А корпусына іріктеу 27 мамырға дейін созылады.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Сынақтан өте алмаған шенеуніктердің аты-жөні баспасөзде жариялануы тиіс!
    Халық өз «ерлерін» тануға құқылы!

  2. Сондай-ақ, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің элиталық корпусында емтихан тапсыру кезінде инфарктқа ұшырған үміткерлер болмағандығын айтты. Ал, қан қысымы көтерілген кейбір үміткерлерге жедел түрде медициналық көмек көрсетіліпті.

  3. 50-ге жуық қала және аудан әкімдері бұл сынақтан сүрінді. Қыркүйек айының 26-на дейін олардың орнына ұлттық коммиссияның іріктеуінен өткен резервте тұрған мемлекеттік қызметкерлер тағайындалатын болады”, – деп агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов VI Астана экономикалық форумында журналистерге мәлімдеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз