Атырауда Халықаралық жастар күніне орай “Atyrau Jastar Fest 2025” ауқымды фестивалі басталды

Атырауда Халықаралық жастар күніне орай “Atyrau Jastar Fest 2025” ауқымды фестивалі басталды

10 тамыз күні Ретросаябақта жастардың ең жарқын мерекесі – “Atyrau Jastar Fest 2025” жобасының ашылу салтанаты өтті. Фестиваль Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және “Жастар таңдауы – Атырау” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Бұл мереке – өнер мен спортты, білім мен шығармашылықты, жігер мен арманды бір алаңға тоғыстырған, өңір жастарына арналған ерекше жоба. 

Апта бойы “Atyrau Jastar Fest 2025” аясында түрлі форматтағы қызықты іс-шаралар өтеді:

•11 тамыз – Жастар арасындағы облыстық “ATYRAU Quiz” интеллектуалды ойыны (Абай орталығы, 19:00); 

•12 тамыз – “Тыңдалмаған сөз жетім” атты кітап кеші, Хамит Ердехан және Нұрбол Маратұлымен рухани сұхбат (Жастар театры, 19:00); 

•13 тамыз – Қос ақын — Алия Дәулетбаева мен Бақытгүл Бабаштың шығармашылығына арналған поэзия кеші (Jiq Soqr өнер кеңістігі, 19:00); 

•14 тамыз – “Ұлттық Cover” ән байқауы. 8 финалист, 500 000 теңге жүлде қоры (Ретро парк, 20:00); 

•15 тамыз – “Atyrau Youth Dance” би байқауы. 4 бағыт, 700 000 теңге жүлде қоры (Ретро парк, 16:00–22:00); 

•15-16 тамыз – “ATYRAU Young Hackhathon” инновациялық конкурсы (Atyrau Hub, 09:00–22:00); 

•16 тамыз – AJF eSports Cup 2025 киберспорт турнирі – Counter Strike 2 (Beast компьютер клубы, Уәлиханов көшесі 21/1); 

•16 тамыз, 17:00 – “Atyrau Books” фестивалі: кітап дүкендері, жас шеберлер жәрмеңкесі және 3 шеберлік сабағы (Сұлтан Бейбарыс алаңы); 

•16 тамыз, 20:00 – “Atyrau Jastar Fest 2025” гала-концерті (Сұлтан Бейбарыс алаңы); 

•17 тамыз – Tungi Run – 18-35 жас аралығындағы жастарға арналған кешкі марафон, 790 000 теңге жүлде қоры; 

•18 тамыз – “Atyrau Puzzle Day” интеллектуалды ойыны (Абай орталығы, 19:00). 

“Atyrau Jastar Fest 2025” – жаңа достар, жаңа әсерлер мен шабыт сыйлайтын жастар апталығы!