Қытай көліктерін сатып алған адамдарға бес кеңес

Қытай көліктерін сатып алған адамдарға бес кеңес

Көлікті Қытайдан сатып алғаннан кейін, бірден оны қосымша қорғаумен қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы «Российская газета» басылымына берген сұхбатында Avilon Kia компаниясының механикалық жөндеу департаментінің директоры Вадим Стрельбицкий мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ең алдымен, шанаққа (асты, табалдырықтары, доңғалақ доғалары және барлық жіктер) антикоррозиялық өңдеу жасау керек. Мұндай шара әсіресе қысқы уақытта тот басудың алдын алып, көлік сыртқы бөлігінің ұзақ қызмет етуіне себеп болады, - деді маман.

Одан кейін қозғалтқыш майы мен антифризді ауыстыру, сондай-ақ көліктің сыртына антигравийлік пленка жапсыру ұсынылады. Бұл шаралар көліктің қызмет ету мерзімін ұзартады.

Сондай-ақ көлік 2-3 мың шақырым жүрген соң, беріліс қорабындағы майды ауыстырған дұрыс.

Электр жүйесі, аспа бөліктері мен шиналардың сапасын тексеруді де естен шығармаған жөн – бұл көліктің әлсіз жерлерін дер кезінде анықтап, алдын алуға көмектеседі.

Бұған дейін Қазақстанда көлік иелеріне салық жеңілдігі берілетіндігі туралы жазғанбыз. Сонымен қатар шекарадан көліктер мен жүктерді өткізу тәртібі өзгеретіні белгілі болды.