Қарағандыда ғылым, технологиялар және мыс хабы үшін тартылыс орны — R&D орталығы іске қосылды
2025 ж. 30 маусым
64
0

Жұма күні Қарағанды қаласында «КазГидроМедь» компаниясы базасында жаңа форматтағы (R&D) орталығының тұсаукесері өтті. Бұл бастаманы еліміздің ең ірі мыс алыбы — «Қазақмыс» компаниясы көтеріп отыр. Компанияның негізгі мақсаты — тау-кен металлургия кешеніндегі (ТМК) салалық технологиялық шешімдерді дамыту үшін ғылым мен өндірістің күшін біріктіру.
Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ ТМК саласындағы компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты — компанияның ғылыми-технологиялық әлеуетін таныстыру және болашақ мыс хабының мүмкіндіктерін тау-кен кәсіпорындарының, бейінді ғылыми орталықтардың және мемлекеттік органдардың өкілдеріне көрсету.
Қонақтарға орталықтың негізгі зертханалары көрсетілді: минералогия, байыту, гидрометаллургия, химиялық-аналитикалық зертханалар, сондай-ақ шағын байыту фабрикасы. Инфрақұрылымның бірегейлігін Қазақстанда сирек кездесетін, материалдардың физика-химиялық қасиеттерін анықтауға арналған жабдықтың болуы айқындайды. Презентация мазмұнды пікір алмасумен аяқталды.
ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің Көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игисинов орталықтың әлеуетін жоғары бағалап, Қазақмысты бұл бастаманы тек мыс өндірісімен шектелмей, полиметалдар мен сирекжер элементтерін де қамтитындай кеңейтуге шақырды. Өз кезегінде, Қазақмыс бұл орталықты жаңа технологиялық бастамаларға ашық, салалар арасындағы ынтымақтастық алаңына айналдыруға дайын екенін білдірді.
R&D хабы Қазақмыс ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған ғылыми-технологиялық хакатондар сериясының заңды жалғасы болды. Алғашқы хакатон Жезқазған қаласында өтті, ал 2024 жылдың 19 қарашасында жобаны Үкімет бекіткен ҚР Премьер-Министрі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда компания орталықтың жаңа форматы туралы өз көзқарасын ұсынды.
2025 жылдың ақпан айында Қарағандыда мыс кендерін жерасты және жер үсті шаймалау технологияларына арналған екінші хакатон өтті. Ал наурыз айында стратегиялық серіктес «КазГидроМедь» алаңында болашақ R&D орталығының техникалық тұсаукесері өтті.
R&D орталығының негізгі мақсаттары:
* Тау-кен металлургия кәсіпорындарының заманауи ғылыми-технологиялық базасын қалыптастыру;
* Кенді өндіру және өңдеу тиімділігін арттыру;
* Экология және өнеркәсіптік цифрландыру саласындағы шешімдерді әзірлеу;
* Мысты, асыл металдарды, сипек жер асты металдары және сирек жер металдарын алу деңгейін арттыру;
* Қазақстандық және халықаралық ғылыми әлеуетті біріктіру.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
* Жер асты және жер үсті шаймалау технологиялары;
* Тау-кен металлургиялық процестерді оңтайландыру;
* баланстан тыс кендер мен қалдықтардан металдарды алу;
* Экология және өндірісті цифрландыру саласындағы шешімдер.
Қазақмыс Қазақстанның тау-кен өндіруші кәсіпорындарын R&D орталығына серіктес ретінде қосылуға шақырады. Жаңа технологияларды іс жүзінде енгізу және мыс пен басқа металдарды сілтісіздендіру бойынша құзыретті орталық құру үшін күш-жігерді біріктіру маңызды.