Президент жаңа Қорғаныс министрін тағайындады
2025 ж. 08 маусым
49
0

Президенттің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Бұл лауазымға Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Дәурен Қосанов бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.
55 жастағы генерал-лейтенант Армавир жоғары әскери әуе училищесін бітірген. Одан кейін Гагарин атындағы әскери-әуе академиясында және Ресей қарулы күштері бас штабының әскери академиясында оқыған.
Еңбек жолын Үшарал жойғыш ұшақтар полкінде бастаған. Талдықорғанда "Су27" эскадрильясының командирі, Қарағанды әуе базасының бастығы болды. Шымкент әуе базасын да басқарған.