Шерзат Полаттың өлімі: айыпталушыларға қандай жаза тағайындалды
2025 ж. 05 маусым
173
0

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты:
Абзал Шынасыл 23 жыл
Равиль Сакиев 20 жыл
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды.
Ал, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) 1 жыл 6 айға сотталды.