Азат Перуашев Solana блокчейн платформасы делегациясымен кездесті
2025 ж. 29 мамыр
843
1

«Ақ жол» демократиялық партиясының орталық ғимаратында партия басшылығы мен депутаттарының жаһандық криптоэкономикадағы ең ірі ойыншылардың бірі болып табылатын Solana блокчейн платформасы делегациясымен кездесуі өтті.
Solana-group делегациясы Astana International Forum-ға қатысу үшін Қазақстанға келді. Форум аясында бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Crypto City – цифрлық активтерді және Web3 инфрақұрылымын дамыту орталығын құру туралы бастама көтерді.
«Ақ жол» Демпартиясының қонақтары қатарында Solana group президенті Лили Лью, вице-президент Акшай, бас заңгер Хелена Кавано, сондай-ақ, Forma-group (Solana эко-жүйесінің серіктесі) құрылтайшылары Бабак Ахмадзаде мен Фархаж Майан болды.
2017 жылдан бастап «Ақ жол» демпартиясы экономиканы цифрландыруды, инновациялық кәсіпкерлікті және блокчейн индустриясын қолдауды алға тартып келеді.
2018 жылы біз үкімет пен Ұлттық банкке криптовалюта нарығын ынталандыру қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдадық, бірақ ол кезде Ұлттық банк қолдаудың орнына крипто айналымына тыйым салған болатын.
Жақында фракция тағы да цифрлық нарықты дамыту және криптобанк құру туралы сауал жасады. Бұл жолы үкімет бұл бастаманы қолдады.
Осы орайда «Ақ жол» демпартиясы Solana-group сияқты саланың жетекші әлемдік ойыншылардың тәжірибесін зерттеп, олармен серіктестік орнатуға мүдделі.
Жиынға Парламент Мәжілісінің вице-спикері, «Ақ жол» фракциясының депутаты Дания Еспаева, депутаттар Ерлан Барлыбаев, Серік Ерубаев, Ержан Бейсенбаев, партияның халықаралық бөлімінің директоры Әсем Аққұжанова, сондай-ақ отандық блокчейн саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы криптовалюта нарығының даму перспективаларын, цифрлық активтерді нормативтік реттеуді, технологиялық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын талқылады.
Solana бас заңгер кеңесшісі Хелена Кавано АҚШ Конгресі қазіргі уақытта стабилкоиндарды — фиат активтерімен қамтамасыз етілген криптовалюталарды реттеуге арналған заң жобасын қарастырып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанда ұқсас заңнаманы дайындауды халықаралық тәжірибемен үндестіру ұсынылды. Solana ұжымы цифрлық активтерге қатысты заңнама бойынша жұмыс барысында «Ақ жол» Демпартиясына консультативтік қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Мен кеше АХҚО-да өткен форум барысында «Ақ жол» фракциясының Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен, оның бірінші орынбасары Қаныш Тілеушинмен және АХҚО төрағасы Ренат Бектұровпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылағанымды хабарладым.
Келесі аптадан бастап біз барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, соның ішінде Ұлттық банкпен, ҚНРДА және ҚМА-мен тиісті консультацияларды бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондықтан, Solana тарапынан мұндай ықпалдастық, әсіресе, Президент Тоқаевтың Крипто-Сити бойынша бүгінгі бастамасын ескерсек, пайдалы әрі тиімді болмақ.
«Ақ жол» Демпартиясы криптовалюта саласын реттеу осы нарықтың артықшылықтарын сақтай отырып, ашық экономикаға сәйкес болуы керек екенін атап өтті: жедел жылдамдық, ашықтық, қолжетімділік, төмен баға және әмбебап.
Маңызды ерекшеліктері ретінде эмитенттердің материалдық және қаржылық активтері негізінде ұлттық криптовалюта құру; криптовалюталарды және нақты қаржыларды еркін конвертациялау, криптовалюталардың жинақталған ғана емес, сонымен қатар төлем функциясын заңдастыру, инвестициялық процедураларды ырықтандыру (мәселен, Лили Лью Solana шын мәнінде литинг талаптары жоқ, бірақ қамтамасыз етілген активтері бар қор биржасы екенін атап өтті) және т.б. болуы керек.
«Ақ жол» демпартиясының экономикасы мен қызметінде жаңа практикалық бағыт ашылуда.