Қызғалдақтар - даламыздың символы

Қызғалдақтар - даламыздың символы

2025 жылдың 06 мамыр күні Қаратау қорығы аумағындағы «Хантағы - Кемпіртас» соқпағында VIl - аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. 

Оған 40-тан аса Кентау балалар көркемсурет мектебі, Юнеско клубы оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - өскелең ұрпаққа туған жеріміздің әсем табиғатына деген сезімін оята отырып, қоршаған ортаны сүюге баулу.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі кездеседі, оның 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.