ДАҢҚТЫ БАТЫР РУХЫН ДҮБІРЛЕТТІ

ДАҢҚТЫ БАТЫР РУХЫН ДҮБІРЛЕТТІ

Алматы қаласы Бостандық ауданы № 69 жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы – ұрпаққа үлгі ұлы тұлға» атты республикалық семинар-телекөпір өтті. Іс-шараға Жамбыл облыстық мұражайы, оңтүстік астанадағы Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды мектебі, аудандық ардагерлер алқасынан, 34 мектептің тарих, қазақ тілі әдебиетімен, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты «Біртұтас тәрбие» бағдаламасымен сәйкес өскелең ұрпақтардың бойына патриоттық сезім мен ұлттық намысты насихаттау болса, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ерлігі мен елге сіңірген кеңінен таныту болды. Бас қосқан іс-шарада қонақтар даңқты тұлғаның кітаптарымен, оқушылардың соғыс тақырыбына салған суреттерімен және патриоттық жобаға арналған көрмелермен танысты.  

Семинарда мектеп басшысы Сәуле Төреқұлова өткен жылдың қараша айынан бастап, Ұлы жеңістің 80 жылдығынан арналған шаралар кеңінен аталып өтіп жатқанын айта келіп, бұл шара халық батырына арналғандына тоқталды. Шарада мектеп оқушылары мен мұғалімдер соғыс жылдарына қатысты патриоттық әндер шырқады, Бауыржан мен ақиық Мұқағали туралы сахналық қойылым көрсетті. Сондай-ақ Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлының мұржаймен онлайн байланыс жасап, батырдың мұралармен танысты. Мұндай байланыс Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебімен де өтті. Ұжым батыр Бауыржанның ерлік пен тәрбиеге қатысты ұлағатты сөздерін насихаттады. Аудандық оқу бөлімнің меңгерушісі Айгүл Қасымбек Ұлы жеңістің 80 жылғы арналған іс-шараға «Ұлы жеңіс мұрагерлері» жобасым ен мектеп мұғалімдері мен оқушылар соғыс жылдары қалаға көшіріліп келген өндіріс орындарын туралы зерттепті. Және де ардагер майдангерлерге қатысты материалдарда жинапты. Ізденіспен іске асқан мағыналы жобадан «Ұлы жеңіс мұрагерлері» атты кітаптың дүниеге келгендігін айтып, жинақтың тұсаукесер рәсімін жасады. Жаңа жобаның іске асуына және кітап болып шығуына зор үлес қосқаны үшін Айгүл Қасымбекті «Намыс-ардагер» қоғамдық қоры Ұлы Жеңіс мұрагері естелік төсбелгісімен марапаттады. Еңбек ардагері Әбдірахым Кенжебаев жоғары сынып оқып жүргенде ержүрек батырмен болған кездесуде көргенін жеткізді. Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.    

Жексен Сағымбекұлы