Жаңа Салық кодексіне қарсы дауыс бергендерді "хайп қуушылар" деп атаған депутат кешірім сұрады
2025 ж. 02 мамыр
722
0

Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа Салық кодексінің қабылдануына қарсы дауыс берген әріптестерін "хайп қуушылар" деп атады.
Еске сала кетейік, сәуірдің 30 күні Парламент Мәжілісі екінші оқылымда жаңа Салық кодексінің жобасын қабылдап, "Ақ жол" партиясы оған қарсы дауыс берген болатын.
Кәсіпкерлер құқын қорғап, Салық туралы кодекске қарсы дауыс берген депутаттарға қарсы шығатын “кәсіпкер” депутаттар да бар екен…
Халық сөзін сөйлегенді “хайпажор” атау сәнге айналды қазір. Өзінің кәсіпкер депутат ретінде кәсіпкерлер құқын қорғау принципінен табаны тайқып кеткеніне олар осылай өзгені кінәлап, жалтаруға тырысады….
Стамбековтың бұл мәлімдемесіне байланысты "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өзінің telegram арнасында жазба қалдырған болатын.
"Қазақ үні" депутат Азат Перуашевтың аталмыш жазбасын оқырманға ұсынуды жөн көрді:
***
Бұған дейін хабарлағанымдай, "Ақ жол" фракциясы бірінші және екінші (б.ж. 9 сәуірі) оқылымда да жаңа Салық кодексіне қарсы дауыс берді:
https://t.me/peruash/13077;
және б.ж. 30 сәуірінде:
https://t.me/peruash/13165).
Бұл депутаттардың және олардың саяси партияларының конституциялық құқығы, сондай-ақ, шағын және орта бизнес, отандық өндірісшілер мен кәсіпкерлер түріндегі сайлаушыларымыз алдындағы міндетіміз.
Біздің бұл ұстанымымыздың себептері жөнінде заң жобасын талқылау барысында мәлімдедім (
https://t.me/peruash/13071
және
https://t.me/peruash/13072 ).
Одан бөлек, бұл арнада Мәжілістің жұмыс тобында енгізген түзетулеріміздің талқылану барысы жайлы жазылған болатын. "Ақ жол" фракциясы ұсынған 100-ден астам түзетулердің бесеуге жуығы ғана өтіп, ал, қалған басым көпшілігі (ШОБ мүдделерін қорғау, басым және өңдеуші салаларды қолдау, банктерге, шикізат экспорттаушыларына, казиноларға және т.б. салық салуды шынайы арттыруды (!) көздеген ең концептуалдылары) Үкіметтің теріс қорытындысы бойынша қабылданбады.
Сондықтан, "Ақ жол" фракциясы жаңа Салық кодексіне қарсы дауыс берді. Біздің дұрыс жасағанымызға сенімдімін.
Ал, М. Козачковтың біздің әріптесіміз Е. Стамбековтың мұндай дауыс беруді "хайп қуушылық" деп атағаны туралы интерпретациясына қатысты айтар болсам - заңгерлер аталмыш мәселенің депутаттар құқығын төмендету мен парламенттік этикаға қаншалықты сай келетінін зерттейтін болады.
Қалай болғанда да, әр адамның өз ойын ашық білдіру, соның ішінде, Парламентте дауыс беру құқығын сыйлау керек деп санаймыз.
https://t.me/peruash/13178
Редакциядан: Бүгін депутат Ерлан Стамбеков "хайп қуушылық" туралы сөздерін түсіндіріп, жаңа Салық кодексі бойынша дауыс берерде өзінің жеке таңдау альтернативасы болғанын ескергенін айтып, әріптестерінен, соның ішінде, бұл кодекстің қабылдануына қарсы дауыс берген "Ақ жол" фракциясының депутаттарынан кешірім сұрады.
Қазақ үні