Жаңа Салық кодексі: "Ақ жолдың" маңызды түзетуі қабылданды

Жаңа Салық кодексі: "Ақ жолдың" маңызды түзетуі қабылданды

Бүгін Парламент Мәжілісі екінші оқылымда жаңа Салық кодексінің жобасын қабылдады. "Ақ жол" партиясы қарсы дауыс берді!

Оған себеп, партия ұсынған 100-ден астам түзетудің тек бірен-сараны ғана қабылданған.

Бұл туралы белгілі заңгер Антонина Ан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, "Ақ жол" ұсынған өте маңызды түзетудің қабылданғанына қуанбасқа болмайды: жаңа Салық кодексіне жаңа 28-1 бап, яғни, "ашықтық принципі" қосылды.   

-Салық органдарының тазалық принципін енгізу идеясы аяқ астынан пайда болмады, "Ақ жол" партиясы кодекс әзірленгенге дейін де, одан кейін де ұсынған СУР құпиялылығын жою, салық тексерулерін тағайындау ашықтығы, салыстырмалы бақылау әдісінің тәсілдері, ЭСФ бұғаитау негіздері, салық төлеуші жасаған операциялардың жоғары тәуекелділігінің критерийлері, пилотты жобаларды өткізу және қабылдау негіздері туралы көптеген ұсыныстарын үкімет үзілді-кесілді қабылдамай келген болатын, - деп жазды. А. Ан.  

Заңгердің сөзінше, енгізілген ашықтық принципіне сай, бұл принципке қайшы келетін кодекс ережелері күшін жояды. 

-Енді "Ақ жол" партиясының салық төлеуші мен салық органдары арасындағы ашық қарым-қатынасты орнатуға бағытталған ұсыныстар ақыры қабылданады деген үміт бар. Бизнес те өзіне қандай критерийлер қолданылатынын біліп, тексерулер мен шоттардың бұғатталуынан қауіптенбейді, демек, таза жұмыс істеп, тұрақты салық тәртіпті сақтайды. Осындай орасан зор жұмыс атқарғаны үшін Азат Перуашевқа кәсіпкерлер атынан алғыс білдіреміз! Оның бұл түзетулерді қалай қорғағанын мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://t.me/peruash/13164, - деді Антонина Ан.