Астанада 21 жасар жігіт төрт туысын пышақтап тастады (ВИДЕО)

Астанада 21 жасар жігіт төрт туысын пышақтап тастады (ВИДЕО)

Астананың 21 жастағы тұрғыны төрт туысын пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Astana_sergek хабарлағандай, 17 қаңтар күні сағат 4.00-де Ғабиден Мұстафин мекенжайында орналасқан үйде, алдын ала мәлімет бойынша, 21 жастағы елорда тұрғыны «Frеe Fire» ойынын ойнап жүргенде, туыстары оның телефонын алып қойған.

Ашуланған жігіт түнде туыстары ұйықтап жатқанда оларға шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан 1997 жылы туған ағайындылардың бірі сол жерде көз жұмды, тағы үш отбасы мүшесі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Күдікті қамауға алынды, қазір оқиғаның барлық мән-жайы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Күдікті елорданың 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының оған қатысты айтқан ескертуі себеп болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.