Белгілі сарапшы елдегі ең өзекті тақырыптарды "Ақ жол" фракциясы көтеріп жүргенін айтты

Белгілі сарапшы елдегі ең өзекті тақырыптарды "Ақ жол" фракциясы көтеріп жүргенін айтты

Белгілі сарапшы, экономист маман Олжас Байдильдинов "Ақ жол" фракциясының жұмысын жоғары бағалап, партия лидері Азат Перуашевқа алғыс білдірді.

Бұл туралы ол өзінің телеграм арнасында жазды.

- Азат Тұрлыбекұлы, сізге зор алғыс!

Өз кезегімде, Парламентте ірі мұнай-газ кен орындары бойынша өнімді бөлу келісімшарттарын жария етіп, Қазақстанның ірі жобалардағы үлесін 51%-ға дейін ұлғайту қажеттігі туралы мәселені талай жылдан бері талмай көтеріп жүрген өзіңіз екеніңізді атап өткім келеді.

«Ақ жол» фракциясы Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері бойынша жеке табыс салығын алып тастау, бюджет теңгерімсіздігі, өсіп келе жатқан мемлекеттік қарыз бен оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар, Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын тоқтату қажеттігі, ұлттық компаниялардың жариясыз қызметі туралы әрдайым орынды мәселелер көтеріп келеді деп есептеймін, - деп жазды О. Байдильдинов.

Еске сала кетейік, бүгін «Ақ жол» фракциясы мобильді аударымдарды бақылау параметрін қайта қарап, оны азаматтар мен шағын бизнеске жасайтын қысым құралына айналдырмауды талап етті. Бұл туралы партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.