Қазыбек Иса екі ғасыр тарихы бар Орталық мұражай ұжымымен кездесті

Қазыбек Иса екі ғасыр тарихы бар Орталық мұражай ұжымымен кездесті

2024 жылы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Алматы қаласына жұмыс сапарымен келіп, Орталық мемлекеттік мұражай ұжымымен кездесу өткізді. 

Кездесуде Қазыбек Иса Парламенттегі “Ақ жол” фракциясының атқарылған жұмыс туралы баяндады. Атап айтқанда, ол келесі заң жобаларына тоқталды:

- «Түркістан қаласының мәртебесі туралы»;

- «Заңсыз активтерді қайтару туралы»;

- «Азаматтық алу туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы және т.б.

Уақытша директор міндетің атқарушы Ғалия Теміртон мен 100-ге жуық әкімшілік қызметкерлер жетістіктерімен бөлісті. Ғалия Теміртонның жетекшілігімен бір топ ғалымдар мен мұражай қызметкерлері Ресейге жемісті сапар жасап, көптеген мұрағаттық құжаттарға қол жеткізді, сонымен қатар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, Ғалия Теміртон депутат Қазыбек Исаға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Мемлекеттік мұражай жанынан мұражай мамандарына экспонаттар мен заттарды уақтылы қалпына келтіруге, жаңартуға және реттеуге мүмкіндік беретін химия-физикалық зертхана ашу мәселесін қарауды сұрады. Оның пікірінше, Мұражай ғылыми-зерттеу институты мәртебесін алғаннан кейін зертханалар ашу – қажетті қадам.

Мекеменің өзекті мәселелерінің қатарында директордың орынбасары «Мұражай ісі» мамандығы бойынша кадр тапшылығын атап өтті. Бүгінгі таңда мұндай мамандарды бір ғана университет дайындайды және осы мамандық бойынша мамандарды дайындауды арттыруды ұсынады.

Сапар барысында Ғалия Теміртон Мәжіліс депутаты үшін мұражайға экскурсия жасап, соңғы үлгідегі жәдігерлерді көрсетіп, музейдің алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қазыбек Иса Мемлекеттік музей ұжымын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Мәдениет пен руханиятты қолдап келе жатқан “Ақ жол” партиясы музей ұжымының жазбаша жіберген ұсыныс-тілектерінің орындалуына күш салатынын, мәселелер шешімін табатынын мәлімдеді.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Исамен бірге Алматы қаласының Мәслихат депутаты Асқар Бисқұлтанов және “Ақ жол” партиясы Алматы қалалық филиалы белсенділері болды.