АФМ «Тәртіпті өзіңнен баста» эстафетасын бастады
2024 ж. 06 желтоқсан
595
0
ҚМА Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты эстафетасын бастады.
Іс-шара барысында студенттермен қаржылық пирамидалар, дроп схемалары және лудомания сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Бұл іс-шара қарызсыз қоғамды қалыптастыруға, заңдылық пен құқық тәртібін дамытуға және студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асырудағы басты қадам болды.
ҚМА қызметкерлері әрбір тақырып бойынша шынайы болған жағдайларды талқылап, азаматтар арасында кездесетін қауіптерден және жинаған қаражаттарын жоғалтудан қалай сақтану керектігін айтты.
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдыков осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, университеттің қаржы саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін білікті мамандарды даярлауда белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу барысында университет басшылығы Агенттікке экономикалық және қаржылық қауіпсіздік пен сауаттылық саласындағы заңнамалық нормаларды жетілдіруге дайын екеніндіктерін білдірді.
Шамамен 1000 студент қатысқан іс-шарада қатысушылар белсенді түрде сұрақтарын қойып, қаржылық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар алаяқтық пен қаржылық тәуекелдерден қорғану тәсілдері бойынша білімдерін нығайтты.
Агенттік «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасын Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдап, жастарды қаржылық және экономикалық қауіпсіздік саласында дамыту және насихаттау жұмыстарын жалғастырады.
Айта кетейік, бұл ауқымды іс-шара еліміздің барлық өңірлерін қамтитын болады.