ВЛАДИМИР КОЗЛОВТЫҢ ТҰТҚЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

           Жақында «Алға!» Халықтық партиясының лидері Владимир Козлов судья Пакирдиновтың шешімі бойынша ақпаратты таратуға байланысты өзінің конституциялық құқығын пайдаланғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

          Владимир Козлов өзінің серіктестерімен бірге саяси астар бойынша заңсыз сотталып, 14 жылға бас бостандығынан айрылған Мұхтар Жәкішевтің өмірбаяны жазылған үнпарақтарды таратып жүргенде, полицейлер оны Әкімшіліктік құқықбұзушылық кодекстің 373 бабын бұзды, яғни заңсыз демонстрация ұйымдастырды деп айыптады.

            Әдетте осындай саяси астарланған процестерде кездесетіндей, бұл жолы да құқық қорғау органдары тұтқындау хаттамасын боямалады, прокурор полицияға қолдау көрсетті, ал судья істегі жағдайды және айыпталушы тарапынан жауап берген куәгерлердің сөзін назарға алмады.

           Судья «Алға!» партиясының лидерін 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығара келе, бір ғана дәлелді басшылыққа алды: Владимир Козлов «көшедегі азаматтардың назарын өзіне аударды».

         Сонымен қатар, судья Қазақстан Республикасы бекіткен Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің ережелерін елемеді, оның 19 бабының 2 тармағында әр адам өз ойын еркін білдіруге құқылы делінген; бұл құқық қандай да болмасын ақпаратты және идеяны іздеуге, алуға және мемлекеттік шекараға қатыссыз, ауызша, жазбаша немесе баспа, болмаса айтудың көркем түрі арқылы немесе өз қалауы бойынша тәсілдермен ақпаратты таратуға мүмкіндік береді.

            Өзінің заңсыз қаулы шығаруы арқылы судья Пакирдинов Қазақстанда Конституцияға қарсы жағдай жасауға үлгі болды. Енді Қазақстанда қоғамдық орынға шығып, буклеттер немесе үнпарақ таратпақшы болған кез келген азаматты - промоутер, белсенді, мейлі, журналист болсын, тұтқындап, қамауға ала алады.

           Ерлер алдында түр-әлпетін көрсеткісі келген кез келген әйел адам да тұтқынға алынуы ықтимал, сәйкесінше, ерлер де; қайыр тілеу арқылы азаматтардың назарын аударуға тырысқан қайыршылар да; тұтынушылардың назарын аударғысы келген сатушылар да және полицейлер, прокурорлар мен судьялардың көзіне заңсыз ереуілшілер болып көрінетіндердің барлығы тұтқынға алынуы мүмкін.

           ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған елде Сталиндік уақыттың репрессивтік машинасы іске қосылды. Күштік құрылымдар шенеуніктер мен биліктің позициясынан жақсы өзінің азаматтық позициясын ұстанушылардың барлығының  ізіне түсуші органға айналды.

             ГУЛАГ естеріңізде ме? Репрессияға ұшырағандардың лагері ше? Дәрігерлерді, мұғалімдерді, тәуелсіз газеттердің редакторларын түрмеге қамағандарын білесіздер ме?

             Біз осының барлығының бүгін қайталанғанын қаламаймыз және Владимир Козловқа қатысты заңсыз сот үкімінің жойылғанын талап етеміз!

              Мұхтар Шаханов, Рыспек Сәрсембаев, Михаил Сизов, Жасарал Қуанышәлин, Болат Атабаев, Сергей Уткин және басқалар.