Ернар БЕКТАЕВ, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы: ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР
2024 ж. 27 қараша
197
0
10-қараша дүниежүзілік жастар күні. Осынау атаулы күнге орай «Қазақ үні» сайты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ернар Бектаевпен сұхбаттасқан еді. Осы сұхбатты оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
– Жастар орталығындағы жұмыс барысымен, бағыттарын таныстырып өтсеңіз?
– Облыстық жастар орталығы 2010 жылы құрылған. (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы) 2018 жылы облыс орталығы Түркістан болып жарияланған кезеңнен бастап, жастар орталығы да Түркістанға қаласына келіп, бүгінгі таңда өз жұмысын киелі шахарда, Түркі әлемінің рухани астанасына айналған – Түркістан өңірінде жұргізіп келеді. Өңірдегі жастар саясатын жүйелі түрде жүргізу, әрбір жастың талабына қанат бітіріп, шығармашылығын қолдау, жетістікке жету жолында, білім алу жолында кәсіби бағыт-бағдар беру, еріктілік бағытындағы жұмыстарды жандандыру, жастар орталығының негізгі бағыттары болып саналады. Жалпы, Түркістан облысында 14 аудан, 3 қала және 1 облыстық жалпы 18 жастар ресурстық орталығы бар, 426 штат , оның ішінде 42 бос жұмыс орны бар.
Жастар орталығында 6 бөлім жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Қоғамдық даму және психологиялық қызмет көрсету» бөлімі, «Жастарға қызмет көрсету NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі, «Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеулер» бөлімі, «Талантты жастарды қолдау» бөлімі, «БАҚ пен қоғаммен байланыс» бөлімі, «Шаруашылық» бөлімі.
Жастар орталықтарының мамандары – жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу, жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету, жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жасау, әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарын дамытуға қолдау көрсету бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп келеді.
– Алдыңғы жылдармен салыстырғанда жастар саясатын жүзеге асыруда қандай артықшылықтар бар?
– 2024 жылы жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған, қолдау тапқан облыстық «Tur Workout» жобасы, жастардың бос уақытты тиімді пайдалану және спортқа деген қызығушылығын арттыру сондай-ақ, облыс бойынша таланттарды тауып, олардың Республикалық, әлемдік деңгейге шыға алуына мүмкіндік беру мақсатында, Түркістан облысының 17 аудан, қаласын аралау арқылы үздік жастарды анықтап, финалдық кезеңінде жеңімпаздарды өз орталығымызда анықтаған болатынбыз.
Сонымен қатар, биыл екінші жыл республикалық «JAIDARMAN» көңілді тапқырлардың облыс әкімінің кубогы өткізілді. 2023 жылы «Жуалы» командасы бас жүлдені еншілесе, 2024 жылы «Талант Орал» командасы Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының кубогін еншіледі. Елімізге танымал жайдарман ойыншыларының қатысуымен өткен іс-шара облыс жастарының көңілінен шықты. Алдағы жылдардада тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.
Егеменді еліміздің ертеңі – жалынды жастар. Сондықтан да жастар саясының мақсаты – жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім беру, кәсіптік және дене шынықтыру дамуы, шешім қабылдау процесіне қатысу, табысты әлеуметтену және оның әлеуетін елді одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау.
Әлеуметтік интеграциялау саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындау. Қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен жастар саяси тұжырымдамасы әзірленді.
Мемлекеттік жастар саясаты:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
9) мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету сынды негізгі басым бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
– Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге қалай атсалысып жатсыздар?
2024 жылы жұмыссыз жастар мен NEET жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында
41 509 жасты тарту жоспарланған болатын. Жастарды аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыру мақсатында аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 10 айда 34 005 жас қамтылды. Облыс көлемінде жастарға насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында 8 ЖОО және Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы Әділет департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзіліп, жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі таңда, орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 10 айда 243 266 жасқа кеңес берілді. (2023 жылы - 310 309).
Түркістан облысында 2024 жылдың II тоқсан қорытындысы бойынша 16 мен 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7 186 (1,9%) құрайды, өткен жылмен салыстырғанда азайған. (2023 жылдың қорытындысы бойынша 16 мен 35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8% құрады.)
Негізіне орталық жұмысының негізі бағыттарының бірі жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жатар арасында кеңінінен насихаттау болып табылады. Ал дәл осы бағыттағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жыл сайын жоспарға сәйкес, Еңбек мобильділігі орталығы және мансап орталықтарының мамандарымен бірге мемлекеттік бағдарламаларды наисхаттау, жұмыссыз жастарға арнайы кәсіпорындар мен мекемелер арқылы ашық есік күндері, сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарға экускурсиялар, «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік жұмысын жандандыру, кәсіп ашуға ниетті жастар үшін де түрлі гранттар мен жобалар қарастырылған. Мәселен, 2024 жылдың 25 наурыз бен 25 сәуір күндері аралығында Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастардың осал топтары арасында жобаны іске асыру» шағын гранттар жобасы іске асырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудан, қаласынан 502 өтінім түсіп, 20 жас жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар 1 000 000 теңге көлемінде грантпен марапатталды.
– Түркістан облысында NEET санатындағы жастар санын азайту және мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтік еңбек қызметіне тарту мақсатында, 2024 жылғы 21-22 қазан күндері, 17 аудан, қалада мансап орталықтарымен бірлесе, мемлекеттік бағдарламаларға байланысты үнпарақтар таратылып, «Шектеусіз мүмкіндік» атты тақырыбында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жалпы 350-ге жуық жас жұмыспен қамтылды.
– 2024 жылғы 13 мамыр мен 18 маусым күндері аралығында ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы өтті. Байқауға 100-ге жуық өтінім түсіп, нәтижесінде 20 өтінім қаржылай марапатталды.
– 2024 жылғы 05 тамыз бен 06 қазан күндері аралығында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсына өтінім қабылдау жүргізілген болатын. Жоба аясында 17 аудан, қалада 2 500-ға жуық жасқа насихаттау жұмыстары жүргізіліп, 400-ге жуық өтінім бірдірген. Конкурстың II кезеңі өтінімдерді бағалау және комиссияның жеңімпаздарды анықтауы қазан-қараша айларында өтеді. Конкурстың қорытындысы бойынша 2024 жылғы грант иегерлерінің тізімі желтоқсан айында жарияланатын болады.
– Ал еріктілерді ынталандыру, қолдау көрсету жұмыстары қалай жүріп жатыр?
– Түркістан облысында жастарды қоғамдық жұмысқа тарту, қоғамдық жауапкершілігін арттыру және азаматтық борышын өтеу мақсатында 17 қала, аудандарда 127 волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар бар.
2023 жылы Түркия мемлекетінде орын алған табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға көмек көрсету мақсатында штабқа 29 волонтерлық ұйым және еңбек қызметіне 970-ден астам волонтер жастар жұмылдырылды. 4 күннің ішінде 35 тоннадан астам гуманитарлық көмек «Turkistan» халықаралық әуежайының қоймасында жинақталды.
2024 жылы еліміздің солтүстігі және батысында су тасқыны бойынша орын алған төтенше жағдай кезінде, Түркістан облысынан 1000-ға жуық тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліп, ерікті жастарымыз су тасқыны орын алған өңірлерге барып алдын-алу жұмыстарын атқарды.
Еріктілерді ынталандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл сайын жаз айында Ақмола облысы Зеренді ауданында өтетін жазғы лагерге және облысымызда өтетін лагерлерге қатыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы алғыс хаттарымен сондай-ақ, ҚР ақпарат және мәдениет министрлігің дипломдарымен марапаттауға ұсынамыз. Жыл соңында арнайы қаржылай жүлдесі бар «Үздік Волонтер» номинациясы бойынша жыл үздігін анықтаймыз.
– Мінезі қиын жастармен түсіндірме жұмыстары қалай жүргізіледі?
– Ағымдағы жылы, аудан, қала бойынша девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында және оны жақсы мақсатта қолдану бойынша мектеп қабырғасында, табиғат аясында «Болашағым өз қолымда», «Қылмыссыз болашақ», «Өмірім өз қолымда» т.б тақырыптарында 3 891 семинар-тренингтер, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 146 715 жас қамтылды.
12 қыркүйек - "Отбасы күніне" орай, қоғам мен әлеуметтік институт ретінде отбасы арасындағы байланысын сондай-ақ, отбасы мен қоғамдағы түрлі мәселелердің ортақтығын анықтап, оларды байланысу әрекет дағдыларын қалыптастыру және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 13-21 тамыз аралығында аудан, қалада "Берекелі шаңырақ" атты кездесу өтті. 500-ге жуық жас отбасы қатысты. Сонымен қатар, жасөспірімдер мен жастардың девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша 35 жасқа дейінгі жас отбасылармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың (жеке тұлғалық даму, кәсіби тұлға болып қалыптасу, шығармашылық даму, деструктивті мінез-құлық және ерте жүктіліктің алдын алу ) алдын алу мақсатында ұлттық деңгейлі психолог маманы сала бойынша 1 ай көлемінде (21 қазан және 15 қараша күндері аралығында) 17 аудан, қала жастарына психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіліп. Жалпы аудан, қала бойынша 1700 жастар мен жасөспірімдер қамтылды..
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
«Қазақ үні»