БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч Студенттік парламент мүшелерімен кездесті. 

Тұтас түркідүниесін ынтамақтастығын арттырып, жоғары білім беріп отырған қарашаңырақ оқу ордасының студенттері де өздеріне зор жауапкершіліктің артылатынын жақсы түйсінеді. 

Жиынға әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Жастар орталығының басшысы Айдана Әскербек те қатысты.

Басқосуда ректор Жанар Темірбекова Студенттік парламент мүшелерінің оқу орданың дамуына қосып келе жатқан үлестері жайлы айтып, алғыс білдірді. Қазіргі таңда білім алумен қатар, қоғамдық жұмысқа араласып, белсенді студент атанудың қиыны мен қызығын баяндады.

«Сіздер – белсенді студентсіздер. Бұл істе ең маңыздысы – тепе-теңдікті сақтап қалу. Сабақты да оқып, қоғамдық істе белсенділік таныту керек. Бұл алдағы уақытта өмірлік ұстанымдарыңызға да оң әсерін тигізеді. Студенттердің оқу орда өміріне араласып, белсенді болуы үлкен қуаныш!»,-деді.

Келесі кезекте, ректор өкілі м.а Нажи Генч:

«Сіздер – тек студент қана емес, университет дамуына үлес қосатын азаматсыздар. Осы себепті де бізге қымбатсыздар! Халықаралық статусқа ие университет білімгері болғандықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген. Ұлтаралық татулық пен достықтың озық үлгісін көрсетер жастар, міне, сіздер! Түркі мемлекеттері бұрыннан-ақ ынтымағы жарасқан, бауырлас ел. Сіздер сол достықты нығайтушы, жалғастырушы буынсыздар!»,-деді.

Жиын барысында белсенді студенттермен оқу орданың ахуалы, білім беру ісі мен жатақхана мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер еркін пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай құсты қанатты,

Мен жастарға сенемін, – деп Мағжан ақын жырлағандай Түркістандай руханияттың ордасында білім алып жатқан жастардың көзінен еліміздің жарқын болашағын көруге болады. 

qazaquni.kz