Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Атырау облысында

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Атырау облысында

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 4-8 қараша күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Атырау облысы тұрғындарымен кездесті.

Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды. 

Аталған іс-шараға Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Ақтөбе облысы, Алға аудандық дін орталығының психолог маманы, Қалмазұлы Ринат – Атырау облысы, «Жәрдем-Атырау» ҚҚ теолог маманы, Абдулхамидов Сайдмухаммад – Маңғыстау облысы бойынша дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының қызметкері, Аманкелдиев Азамат Мейіржанұлы – Ақтөбе облысы, «Ихсан» орталығы ҚБ теолог маманы – секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.  

Түсіндіру тобының мүшелері Атырау облысы бойынша Атырау қаласы және Қызылқоға, Индер, Жылыой аудандары мен Теңіз қалашығын аралап, тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесті. 

Кездесулер барысында «Қазақстандағы діни ағымдардың әрекет ету тәсілдері мен басты ұстанымдары», «Зайырлы мемлекет: заң, ұғым және қағидаттар», «Салт-дәстүрдің діндегі маңызы», «Дін мен зайырлылықтың өзара байланысы», «Жастар арасында діни, рухани және құқтық сауаттылықты арттыру», «Ұлттық дәстүрдің қоғам дамуына қосар үлесі» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.     

Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және өндіріс орындарының қызметкерлері секілді тұрғындар қамтылды.