Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Қызылорда облысында
2024 ж. 19 қараша
203
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 4-8 қараша күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесті.
Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға Тайтелиев Файзулла Тажмұхамедұлы – Шымкент қаласы, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ сарапшы, Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Ақтөбе қаласы, Алға аудандық дін орталығының психолог маманы, Ерубай Асхат Рустамұлы – Қызылорда облысы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, дінтанушы, Қалманов Мейірбек Камалбекұлы – Астана қаласы, Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы – секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы және Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарын аралап, тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесті.
Кездесулер барысында «Жастардың санасына теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру», «Діни фанатизм және оның қоғамға кері әсері», «Рухани құндылықтар және ұлт тәрбиесі», «Діни экстремизм мен терроризмнің ықпалынан сақтану», «Зайырлы қоғам және мемлекет» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және ауыл қызметкерлері секілді тұрғындар қамтылды.