Жаңаөзен әкімі: Мұнайшының балалары мұнайшы болсын дейтін ұғым жоқ

Жаңаөзен әкімі: Мұнайшының балалары мұнайшы болсын дейтін ұғым жоқ

Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларының талабына қатысты жауап берді. Бұл туралы «Yedilov Online» телеграм арнасы таратты, деп жазды abai.kz.

Әкім Жансейіт Қайнарбаевқа сұрақ қойған азамат: «Менің қызым «Өзенмұнайгаз» атынан оқып, қызыл дипломмен маман болып шықты. Оқуын 2012 жылы аяқтады. Міне, 2012 жылдан бері әлі жұмысқа алған жоқ.

Мен өзім осы жерде туылып, оқу бітіріп, Отан алдындағы борышымды өтедім. Осы жерде жұмыс жасадым. «БЖБ» мекемесінен зейнетке шықтым», - дейді.

Бұған әкім Жансейіт Қайнарбаев: «Осы «БЖМ» мекемесінің жұмысшылары, зейнеткерлері: «Біздің балаларымызды кезектен тыс жұмысқа алсын», - деген уәжбен тұр. Ел қатарлы кезекке тұрсын. Мұнайшының балалары мұнайшы болсын дейтін ұғым жоқ», - деп жауап берді.