Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Маңғыстау облысында
2024 ж. 01 қараша
523
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 21-25 қазан күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесті.
Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға Аманкелдиев Азамат Мейіржанұлы – Ақтөбе қаласы, «Ихсан» орталығы ҚБ теолог маманы, Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Ақтөбе облысы, Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының психолог маманы, Сариев Сұлтангелді Серікұлы – Атырау облысы, Шапағат ДДА жапа шеккендерге көмек орталығының теолог маманы, Пиязбек Айтмаханбет Нұралыұлы – Маңғыстау облысы, Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының қызметкері - секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Маңғыстау облысы бойынша Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Маңғыстау аудандарын аралап, тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесті. Кездесулер барысында «Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің тоғысуы», «Қазақстандағы діни ағымдардың әрекет ету тәсілдері мен басты ұстанымдары», «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: түсінігі, ұғымы,белгілері», «Дін және зайырлылық» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және әскери қызметкерлер секілді тұрғындар қамтылды.