Талғардағы қанды оқиға: Іс ерекше бақылауға алынды
2024 ж. 12 қазан
665
0
Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жедел штаб отырысын өткізіп, шұғыл жиын өткізді.
«Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады», - деді Марат Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ, облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.
«Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі», - деп атап өтті әкім.
Айта кетейік, зардап шегушілердің ата-аналарының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартты.
Сондай-ақ, Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.
Одан бөлек, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.
«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында», - деді Бауыржан Аленов.