ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
2024 ж. 30 қыркүйек
697
0
Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм ауылдық округінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында ауқымды іс-шара өтті.
Мерекелі шарада Қызылқұм ауылдық округінің әкімі Досжан Асқарұлы қарттарды мерекелерімен құттықтап құрмет көрсетті.
Салтанатты шара барысында аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін беріп елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.
Сонан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов ұрпақтар сабақтастығы мен бүгінгі қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне батыстық идеялогияның кері әсері, зардаптары мен алдын алу жолдары жайында айтып, болашақтың иелерін тәрбиелеуде күш біріктіруге шақырды.
Мерекелік іс-шара барысында аудандық «Жетісай» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттар округ әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Дүниеден өткендердің рухына құран бағышталып, ас берілді.