Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қарағанды облысында

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қарағанды облысында

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 16-20 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қарағанды облысына іс-сапар жасады. 

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 


Аталған бағытта жалпы саны 22 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды. 

Аталған іс-шараға: Синяков Олег Витальевич – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» дінтанушы, Мұстафина Толғанай Вагизовна – Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD, Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы – Астана қаласы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ бас сарапшы, Нурмиева Рузалия Миннахатовна – Теміртау қаласы, «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің дінтанушы маманы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 


Түсіндіру тобының мүшелері Қарағанды облысы бойынша Теміртау, Шахтинск, Саран қалалары мен Осакаров, Абай (Осакаровка кенті, Пионерское ауылы, Қарабас ауылы, Топар кенті) аудандарын аралап, халық арасында «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Интернет желісіндегі күмәнді сайттардың қаупі», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Діни экстремизм және терроризм көріністері және оның алдын алу» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.    

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, жастар, өндіріс және кәсіпорын қызметшілері мен түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды.