Астанада ұлттық ойындардан отбасылық жарыс өтті

Астанада ұлттық ойындардан отбасылық жарыс өтті

Бүгін Астанадағы Қаламгерлер аллеясында Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ кітапханаларының ұйымдастыруымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Ұлттық ойында р– бабадан қалған асыл қазына» атты отбасылық ойындар өтті. 

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл шараға Астана қаласының Т.Айбергенов атындағы #16 мектеп, Абай атындағы #87 мектеп-гиназия, #31 мектеп оқушылары өз ата-аналарымен және кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары қатысты.


- Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлық, асыл қазына. Ұлттық ойындарымыз адамның шығармашылық қабілетін оятып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға жол ашады. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру мақсатымен «Ұлттық ойындар – бабадан қалған асыл қазына» атты отбасылық ойындар жарысы қызықты да танымды өтті. Ұлттық ойындар біздің мәдени мұрамыз болып табылады. Мәдени мұра өнер, әдебиет, руханият десек те бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына ұлттық салт дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды сіңіре білу өте өзекті, - дейді Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ директорының орынбасары Абылғазина Гүлмира.

Шара барысында қазақтың «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Арқан тарту» сияқты ұлттық отбасылық ойындары ойнатылып, кітап көрмесі қойылды. 


"Асық" ойынының бет пердесін елорда ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әнуарбек Ералы ашты. Сарыарқа ауданы ақсақалдары кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Нұрғазин "Асық" ойынының тарихы, мағынасы туралы айтып Асық туралы жас ұрпаққа ойнау тәсілдерін көрсетіп, асықтың түрлерін атады. Ойнау кезінде жиналғандардың асыққа деген қызығушылығы арта түсті. 

Сонымен, "Асық" ойынының жеңімпаздары:

Рауан Шырынбет 1-орын

Серік Жалғас 2-орын

Жанатхан Рахматуллах - 2 орын

Айтатын Сағын 3-орын

#87 Абай атындағы мектеп гимназиясы, жетекшісі Ишанкулов Бауыржан.

#31 мектеп гимназиясынан Бақытжанова Аяужан.

"Арқан тарту" ойынына балалармен бірге үлкен ересек адамдар да қызығушылық танытты. Ойынға қатысушылар #16, #31 мектеп оқушылары өз күштерін, шыдамдылықтарын, ептіліктерін көрсетті. Ойын барысын да #16 мектеп оқушылары басымдылық көрсетіп, жеңіске жетті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Молдатаев Ғалымға Алғыс хат және сыйлықтар табысталды. 


«Тоғызқұмалақ» ойынына елорданың бірнеше мектептері қатысты. Соның ішіңде топжарған жеңімпаздар:

Т. Айбергенов атындағы мектеп оқушылары Ақылов Ұлан, Нұрберген Інжу, Тұрдалы Бақыт. Жетекшісі Жазира Ибрайымовна.

А. Құнанбайұлы атындағы мектептің оқушысы Дәулетбекқызы Нұрлангүл. Жетекшісі Бауыржан Ишанкулов.

87 мектептен Аққұлан Ақниет.


Сонымен қатар шараға қатысушылар назарларына Қазақстанның ұлттық ойындарына арналған «Ұлттық ойыңдар бабадан қалған асыл қазына» кітап көрмесін ұсынылды. 

Көрмеге 120-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Бұл әдебиетте Қазақстандағы ойындардың шығу дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы айтылады. Көрмені 100-ден астам адам тамашалады.