ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
2024 ж. 03 қыркүйек
1035
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиында Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы сөз бастап, Жолдауының негізгі басымдықтарына тоқталды. Кездесу барысында ғылым мен білім саласы, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, цифрландыру және адам құқығы туралы Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Бұдан бөлек, басқосуда сөз сөйлегендер білім беру мәселелері, жастар және жастарға патриоттық тәрбие беру ісі туралы да әңгіме қозғады.
Жолдау - маңызды мәселелерді шешуде бағдар беретін бағдарлама. Университет басшысы ұжымды Жолдауды іске асыруда белсенділік танытуға шақырып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.