Президент Жолдауында не туралы айтылды?!.
2024 ж. 02 қыркүйек
1205
0
Күздің келуімен қоғамдық өмірде саяси белсенділік келеді. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрге сай «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.
Жолдаудың ең басты жаңалықтарының бірі - АЭС құрылысы бойынша РЕФЕРЕНДУМНЫҢ күні белгілі болды. Қазан айының 6-ы жұлдызында халық болып АЭС жағдайын шешетін боламыз. Еліміздің экономикасын дамыту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру жолындағы ақша-несие саясаты, экология, инфрақұрылым жағдайы, әлеуметтік саясатқа қатысты маңызды мәселе көтерген жолдау болды.
БЮДЖЕТ қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстауды және бюджетті аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару;
Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды. Экономикаға инвестиция тартуды әр өңір әкімінің міндеті екенін тағы еске салды. 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керектігін айтты. «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру жөніндегі партиямыздың бастамасымен Меркі ауданында жүзеге асып жатқан тәжірибені басқа аймақтарға таратуды тапсырды.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА қатысты өзекті мәселелерді шешуді, оның ішінде ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс жұмыстарды тізбектеп берді. Көлік-логистика секторын дамыту бойынша кешенді жоспарды жеткізді. Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалын алдағы төрт жылда екі есе ұлғайту, облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамту.
2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Президент айтпақшы бұл жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға жол ашады.
ӘЛЕУМЕТТІК қолдау тәсілдерін жетілдіру, нақты мұқтаж азаматтарды қолдау, осы жолда «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет.
Серікболсын Сарыбаев,
Фейсбук парақшасынан