Дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті
2024 ж. 19 тамыз
406
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 29 шілде – 2 тамыз күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Шығыс Қазақстан облысына іс-сапар жасады.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 22 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Қыстаубаев Мұратбек Мұхтарханұлы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметкері; Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры; Қанапиянов Ернұр Болатбекұлы – ШҚО, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы; Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы – Астана қаласы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ бас сарапшысы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Өскемен қаласы мен Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Алтай аудандарын аралап, халық арасында «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Дін және діни экстремизм», «Рухани-адамгершілік құндылықтар», «Ұлттық дәстүрлер және дін», «Теріс діни ағымдардың зияны мен залалы және олардан сақтану жолдары» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, мешіт жамағаттары, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.