Қаза болған жігіттің ағзасы басқа науқастарға салынбақ

Қаза болған жігіттің ағзасы басқа науқастарға салынбақ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды. Аталмыш аурухананың дәрігерлері жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді. Мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсат бергеннен соң, қайтыс болған жігіттің ағзасы Шымкент, Астана, Алматы қаласындағы 4 науқасқа берілмек. 

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келді. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек және өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынбақ.

«Түркістан облысы бойынша мәйіттен ағза алу отасы тарихта алғаш рет өтіп жатыр. Бір бүйрек облыстық клиникалық ауруханада қалады. Жүрегі Шымкенттегі жүрек орталығына жіберіледі. Бір бүйрегі Алматыға, өкпесі Астана қаласына жіберіледі», – деді Республикалық транспланттау орталығының Түркістан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі Әмірхан Сандыбаев.