Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді
2024 ж. 30 шілде
480
0
Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді.
Ticketon.kz билет операторының мәліметі бойынша, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы STRANGER атты жеке концертіне тек қазақстандықтар ғана емес, Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың 50 елінен 9 мыңнан астам көрермен жиналады.
Көпшіліктің сұранысы бойынша STRANGER шоуы 13 қыркүйекте ғана емес, сонымен қатар келесі күні де өтеді.
- Сіздерді 13 және 14 қыркүйекте «Astana Arena» стадионына шақырамыз. Музыка арқылы бірлік пен татулық көңіл күйін қалыптастыру үшін қолдарыңызда өз мемлекеттеріңіздің шағын туын немесе мемлекеттік рәміздер нышанын ұстап жүрсеңіздер - Димаш шығармашылығына деген құрметтің ерекше белгісі болар еді, - дейді ұйымдастырушылар.